×

Абай облысында заңсыз жұмыс істеген 79 шетелдік анықталды

Қазіргі уақытта мамандандырылған әкімшілік сотта қаралатын материал жиналуда

Абай облысында заңсыз жұмыс істеген 79 шетелдік анықталды

Көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс орталығында Өзбекстан Республикасының 79 азаматын анықтады, олар ғимарат салу бойынша еңбек қызметімен заңсыз айналысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін олардың барлығы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар елдің заңнамасын өз мақсатына пайдаланғаны үшін, шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс беруші да жауапқа тартылып отыр.

Қазіргі уақытта мамандандырылған әкімшілік сотта қаралатын материал жиналуда.

Абай облысы Полиция департаменті жеке және заңды тұлғалар үш күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдік азаматтардан жұмыс күшін тартқан жағдайда олардың келгені туралы хабарлауға міндетті екенін ескертіп отыр.

Сәтжан Қасымжанұлы,
Абай облысы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды
Бүгін, 14:52

Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.
Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →