×

Алматыда мәйітханадағы өлген адамдарды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Ер адам изоляторға қамалды

Алматыда мәйітханадағы өлген адамдарды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде Алматыда некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Ер адам изоляторға қамалды. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді Алматы қаласы полициясында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды
Бүгін, 14:52

Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.
Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →