×

Петициядан кейін Қуандық Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтер тексерілуі мүмкін

Желіде Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен жақын туыстарының кірісін тексеру туралы петиция жарияланған еді

Петициядан кейін Қуандық Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтер тексерілуі мүмкін
Фото: Jogargy_sot

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен туыстарына тиесілі активтердің қандай жолмен алынғанын тексеруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазірге дейін бізде тіркелген қылмыстық іс жоқ. Біз әлемдік деңгейде заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге қатысты тұрақты негізде тексеру жүргіземіз. Қылмыстық жолмен алынып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Петицияға келсек, оның нәтижесін күтейік. Бұл мәселені зерттеп, оған міндетті түрде назар аударамыз», – дейді Жеңіс Елемесов.

Желіде Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен жақын туыстарының кірісін тексеру туралы петиция жарияланған еді. 

Айта кетейік, 13 мамырда Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады
Кеше, 18:25

“Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде әкесі ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болғанын айтты
2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →