×

Түркістан облысында жүк көлігімен келін түсірмек болғандар жазаланды

Құқық бұзушылар той кортежін ұйымдастырған

Түркістан облысында жүк көлігімен келін түсірмек болғандар жазаланды
Скриншот

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік белгісін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.

«Оның ішінде «VOLVO FH» жүк көлігінің жүргізушісіне авариялық жағдай туғызғаны, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 5 хаттама толтырылды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →