×

Салтанат Нүкенованың ағасына қарсы қылмыстық іс қозғалды – Ермұхамет Ертісбаев

Айтбек Амангелді бұған қатысты пікірін білдірді

Салтанат Нүкенованың ағасына қарсы қылмыстық іс қозғалды – Ермұхамет Ертісбаев
Фото: ашық дереккөзден

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», - деді Ермұхамет Ертісбаев.

Алайда Айтбек Амангелді бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын көрмегенін жеткізді.

«Мен бұл туралы сізден естіп тұрмын», - деп жауап берді Айтбек Амангелді тілшілерге.

Еске сала кетсек, 13 мамырда алқабилер ұлттық экономика бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевты аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →