×

Үш қызды зорлаған: Түркістан облысында педофилге сот үкімі шықты

Оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген

Үш қызды зорлаған: Түркістан облысында педофилге сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Түркістанда үш қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Жасөспірімдерге азғындық көрсеткен сотталушы 25 жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Сондай-ақ сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады.

Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. Оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған», – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →