×

Жүргізуші полицейлердің кеңесін елемеген: Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жүргізуші полицейлердің кеңесін елемеген: Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында жүргізуші ірі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

5 маусым күні Ақтөбе-Орск тасжолында Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы маңында жол апаты болды. Toyota Alphard көлігі аударылып қалған. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.

«Көлік жүргізушісі Ақтөбеден Орск қаласына (Ресей) ресми түрде жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полицейлер жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу жөнінде сөйлескен, бірақ соған қарамастан жүргізуші полицейлердің кеңесін елемей, адам өліміне әкелетін жол апатына ұшыраған», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →