×

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді

Жол апаты Аягөз ауданында болды

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді
Скриншоттар

Абай облысында полиция қызметкерін жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. 35 жастағы анықтаушы сол жерде көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүргізуші мас болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол апаты Аягөз ауданында болды. Ішімдікке тойып алған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген. 

Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істеген. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →