×

«Тауға мал жаюға шығып, жоғалып кеткен»: Алматы облысында ер адам іздестіріліп жатыр

54 жастағы ауыл тұрғыны таңғы сағат 06:00-де мал жаюға шыққаны белгілі

«Тауға мал жаюға шығып, жоғалып кеткен»: Алматы облысында ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: pixabay

Алматы облысының таулы аймақтарында, Ұзын-Қарғалы өзенінің бойында бес күннен бері іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ер адам мал бағуға кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылғы 25 маусымда таңғы сағат 06-00-де Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде 1970 жылы туған азамат мал жаюға шыққан. Сағат 19:30-да оның үйіне оралмағаны, болжам бойынша таулы аймақта жоғалып кеткені белгілі болды.

«Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды, оның ішінде 1 ұшқышсыз ұшатын аппарат, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 техникасы, 5 жергілікті тұрғын. Іздеу жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →