×

«Әкімдік сендерге «шарага» емес»: Сәтбаевта сенаторлар халықпен кездесудің орнына әкімдік өкілдерімен кездескен

Белсенді қаладағы қоқыс, жол мәселесін көтерді

«Әкімдік сендерге «шарага» емес»: Сәтбаевта сенаторлар халықпен кездесудің орнына әкімдік өкілдерімен кездескен
Видеодан скриншоттар

Нұрболат Базарбекұлы атты азамат әлеуметтік желідегі парақшасында сенаторлардың Сәтбаевқа барып, әкімдік өкілдерімен кездескен сәтінен видео түсіріп, таратты. Ол депутаттардың халықпен кездеспей, аз құрамда әкімдік өкілдерімен кездесуін сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мені әкімдіктің өкілдері кіргізбей тұр. Сонда сіздер халықтан жасырынып кездесесіздер ме? Біздің де айтарымыз бар. Неліктен үлкен Мәдениет үйінде кездеспейсіздер? Қаншама халықтың айтары бар. Бұлармен (әкімдік өкілдерімен) кездескендеріңіз бір бөлек, ал халықпен кездескен бір бөлек. Әкімдіктің ішіне кіргізбейді бұлар. Артында былығы бар адам қашады. Мына кісі жаңа (әкімдік қызметкерін нұсқап) әкімдік сендерге кіріп-шығып жүре беретін «шарага» емес дейді. Мен бұл жерге келсем халықтың аманатын арқалап келем», – дейді белсенді.

Базарбекұлы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына үндеу жолдайды. Сөзінше, 1 шілдеде Сенат депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев Сәтбаев қаласына халықпен кездесуге келген болатын. 

«Сол кездесуге маған кедергі жасап, әкімшілікті шарашкамен теңеген адам жайында жазып отырмын. Сәтбаев қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Бегежанова Ақтолқын Хамитқызы әдеп жөніндегі уәкілі, әкімдікті шарашкамен салыстырудың өзі әдепсіздік емес пе? Бұл не сұмдық? Қасқырға қой бақтырғандай болдық, “Ет сасыса тұз себеміз, ал тұз сасыса не себеміз? Сәтбаев қаласындағы аппарат басшысының әдебі мынау болса, басқа басшылардың әдептері қандай болмақ? Адаммен қалай сөйлесу керек екендігін де білмейді», – дейді ол.

Белсенді қаладағы қоқыс, жол мәселесін көтереді. Сенаторлар қаланың мәселелерін талқылауға дайын екенін жеткізеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →