×

Қызылорда облысында 20 жастағы әйелін өлтірген ер адам ұсталды

Полиция департаменті түсініктеме берді

Қызылорда облысында 20 жастағы әйелін өлтірген ер адам ұсталды
Фото: t.me/egovpress

Қызылорда облысында 20 жастағы әйелдің дене жарақатымен мәйіті табылды. Полицейлер оған күдікті ретінде танылған 25 жастағы күйеуін ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде 21 шілдеде Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай елді мекеніндегі қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабарланды. Оның денесінен түрлі жарақат анықталған.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды
Бүгін, 11:29

Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды

Желтоқсан – наурыз аралығында облыс аумағында 13 қылмыс жасаған
Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген Талғар қаласындағы Шерзаттың қайтыс болуына байланысты «Қамажай» дүкеніндегі оқиға қайталана жаздады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →