×

Павлодарда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде жолаушы тасымалдаған

Күн сайын полиция қызметкерлері көлікті мас күйде жүргізудің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жүр

Павлодарда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде жолаушы тасымалдаған
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күн сайын полиция қызметкерлері көлікті мас күйде жүргізудің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жүр. Осы жылдың өзінде Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген 787 жүргізуші жазаланды, соның 324-і облыс орталығында ұсталды.

"Мысалы, сағат 09:15 шамасында облыс орталығында Қамзин көшесі, 35 маршрут бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі тоқтатылды. Әңгімелесу кезінде полиция қызметкері оның тәртібінің оғаштығын байқады. Сараптама нәтижелері полицияның күдігін растады, автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде болды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, қарау үшін сотқа жіберілді. Автобус желіден алынды", – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Полиция департаменті жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу қаупін еске салады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →