×

Қостанайда полиция капитаны есірткі таратқаны үшін бас бостандығынан айырылды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Қостанайда полиция капитаны есірткі таратқаны үшін бас бостандығынан айырылды
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында полиция қызметкері өзінің қызметтік бабын пайдаланып, есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтап, өткізген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, денсаулығына зиян келтіру және қорқыту арқылы бір азаматты екінші азаматқа айдап салып, аса ауыр қылмыс жасауға итермелеген. Ол қызметтік көлікте отырып, аса ірі көлемде психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізген», - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Тексеру барысында оның автокөлігінің салонынан аса ірі көлемде заңсыз сақтап, тасымалдап жүрген гашиш пен меткатинон (психотроптық заттың аналогы) табылып, тәркіленді.

«Сотталушының жеке басын, іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сондай-ақ ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің нормаларын қолдана отырып, сотталушыға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді», - делінген сот үкімінде.

Ол «полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →