×

Жамбыл облысында жеңіл көлік пен танк бетпе-бет соғысты

Бұл жайлы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді

Жамбыл облысында жеңіл көлік пен танк бетпе-бет соғысты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жамбыл облысында Mercedes автокөлігі мен Т-72 танкі соғысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайлы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

«Гвардиялық гарнизонның «Мәтібұлақ» оқу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mersedes маркалы автомобиль жол қозғалысы ережелерін бұзып, Т-72 танкімен соғысқан. Әскери техниканың қозғалатын жері «танкке жол бер» белгісімен жабдықталған. Оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі.

Ведомство жеңіл автокөліктің жүргізушісі жеңіл жарақат алғанын, бірақ ауруханаға жатқызудан бас тартқанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Кеше, 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →