×

Абай облысында барымташылар құрықталды

Осы жылдың маусым айынан бастап олар 45-тен астам мал басын ұрлаған

Абай облысында барымташылар құрықталды
Фото: polisia.kz

Абай облысында мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ-ін өткізу барысында Бородулиха ауданында еркін жайылымнан кезекті рет мал ұрламақ болған барымташылар тобын әшкереледі.

Осы жылдың маусым айынан бастап олар 45-тен астам мал басын ұрлаған.

Барлық жағдайда қаскөйлер қылмыстық әрекеттерін малдарды өз көліктерінің жүксалғышына тиеп алу арқылы іске асырып отырған. Полицейлер ұрланған 5 қойды қылмыстық топтан Семей қаласына кірген кезде тәркілеп алды. Жалпы шығын 2 500 000 млн теңгеден асады.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты
Бүгін, 11:22

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты

11 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →