×

Жамбыл облысында «арақ ішіп» сабақ бермеді деген «завучтың» дауы облыстық сотта шешілді

Шиеленісті іс бойынша сот шешім шығарды

Жамбыл облысында «арақ ішіп» сабақ бермеді деген «завучтың» дауы облыстық сотта шешілді
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты «Құлан мектеп-гимназиясы» директорының орынбасары болған А. Д.-ға байланысты Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол биыл ақпан айында әлеуметтік желіде тараған видеосына байланысты қызметтен кеткен еді. 30 қаңтарда сабағында болмаған. Директор әріптестерімен бірге орынбасардың кабинетіне барады. Алайда ол есікті ішінен іліп алған. Директор учаскелік полиция шақырамын деп қорқытып ашқызған. Орынбасардың сыныптасымен бірге арақ ішкенін байқап, бөтелке тауып алып, оны видеоға түсірген.

Камерадағы бейнежазбаға сәйкес ол сыныптасымен сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін іште отырған. Директор қорқытқанда ол да сақтық танытып, камераға түсірген. Директор мен жақтастары оны білмей қалған. Кейін директордың өзін сотқа сүйреген. «Ішкен жоқпын, мені аяқтан шалды» деген. Оған ата-аналардың арызы себеп болған. Оқушылардың айтуынша, мұғалім арақ ішкен, сабақ бермеген. Бұған балалардың ата-аналары ыза болып, арыз түсірген Нәтижесінде орынбасар қызметінен кеткен.

Сосын мамыр айында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьясы Сержан Қалқабаев төрағалық етіп, А. Д.-ны ақтап алады. Мектеп әкімшілігінен жұмыссыз жүрген күндерінің ақшасын төлетеді. 

«Ұсынылған құжаттарға және сот барысында зерттелген жиынтық дәлелдемелерге баға бере келе, сот «Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің «Құлан мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан А.А.Д.-ны Еңбек Кодексінің 52-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы бойынша, яғни Қазақстан Республикасының педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бергені үшін, деген негізбен босатуын негізсіз деп санайды, себебі жұмыскерге қатысты сол кезеңдерге еңбекке уақытша жарамсыз парақтары ашылған», – дейді Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьясы.

Осыдан кейін мектеп директоры облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсіреді. Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 3 қыркүйекте А.Д.-ның әдеп бұзғанын анықтап, жұмыстан босатады. Сондай-ақ өндіріп алған еңбекақысын қайтартуға шешім қабылдайды.

«Арақ ішілгені сотта айтылды. Мен ең басында шу болғанда жұмыстан шығарып жібергенмін. «Еңбек кодексінің» 52-бабында «Жауапкершіліктен қашу» деген тармақ бар. Ол бізге жауап бермей кетіп қалды. Өзі сол уақытта денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз деген анықтамасы барын айтты. Мұны ескеріп аудандық сот А.Д.-ның пайдасына шешіп берді. Алайда ол ауруханада емес, кабинетте танысын шақырып, арақ ішіп отырғаны өтрік емес. Кейін мен облыстық сотқа аппеляция бердім. Олар менің шешімімді заңды деп тауып, аудандық соттың үкімін жоққа шығарды. 3 қыркүйектен бастап, облыстық соттың шешімімен жұмыстан босатылды. Осыдан кейін жұмысқа келген жоқ», - дейді мектеп директоры Шакизат Шонатаева.

Аудандық сот бос жүрген күндерінің еңбекақысы деп мамыр айында 1 336 492 (1 млн 336 мың 492 теңге) теңгені төлеткен екен. Облыстық сот А.Д.-ға қайтадан ол ақшаны қайтаруды бұйырған.

«Директордың алғашқы бұйрығы дұрыс, деректер бар. Педагог әдебін бұзғаны анықталды. А.Д.-ның қасында математика пәнінің мұғалімі болған. Оның ішкен ішпегенін білмейміз. Өйткені ешқандай сараптама тағайындаған жоқпыз. Өзі ішпедім деп айтады. Ал арақты еден жуушы әкеліп берген. Ол сол кезде қатаң сөгіс алды», - дейді директор.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →