×

«12 пәтер жалдадық»: Отбасы банк басшысы өз оқиғасын айтып берді

Көптеген жастар үйді жалдап тұруға мәжбүр

«12 пәтер жалдадық»: Отбасы банк басшысы өз оқиғасын айтып берді
Фото: ашық дереккөзден

Біздің елде жастар үшін үй алу неге қиын? Бұл сұраққа Үкіметтің баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Қазіргі кезде көптеген жастар үйді жалдап тұруға мәжбүр. Мәселен, біреулер жалақысы жақсы жұмыс істеуі мүмкін, енді біреулер бірнеше жұмыс істейді. Бірақ соның өзінде сол ипотекаға пәтер ала алмай жүрген азаматтар көп. Жастар үшін үй алу өте қиын. Сіздің ше бұл қалыпты жағдай ма, әлде шешу керек үлкен мәселе ме?» - деп сұрады тілші Үкімет отырысының баспасөз конференциясына келгендерден.

Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің жауабынан кейін «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова өзінің жеке оқиғасын бөлісті.

«1989 жылы Целиноград қаласына Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түстім. Жатақханада тұрдым. Институтты қызылға бітірдім. Тұрмысқа шықтым. Жас отбасы болдық. Жолдасым екеуміз 12 пәтер жалдадық. Бір қолымда қызыл диплом, бір қолымда сәбиім бар (1994 жылы). Мен 22 жасымда балалы болдым. Қазіргі жастармен әңгімелессем (IT мамандарымен), 32 жасында өздерін әлі жас, болашағы алда деп санайды. Үй болғылары келмейді. Әуелі сіз «жас отбасы» дегенде кімдерді айтып отырсыз.. Жас отбасылардың қаржылық портретін ескеру керек. Бір жас отбасының әке-шешесі қалада және олардың бірнеше пәтері болуы мүмкін. Ал енді бір жас отбасылар бар, әке-шешесі ауылда тұратын, өздері қалада мемлекеттік қызметте не басқа жерде жұмыс істеп, бірдеңеге қол жеткізуге талпынып жүрген. Осындай барлық ақпаратты қарастыра отырып қана әділ бағдарлама жасауға болады деп ойлаймын», - деді Ләззат Ибрагимова.

Ләззат Ибрагимованың сөзінше, «Отбасы банктен» студент кезден депозит ашып, барынша ақша жинау керек. 10мың, 20 мың теңгеден салғанның өзі жақсы ОП жинауға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →