Медаль бетінде Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын орнатқан жеңімпаз жауынгер бейнеленбек
Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль шығарылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
“Қорғаныс министрлігі "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады”, – делінген министрлік хабарламасында.
Онда Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын орнатқан жеңімпаз жауынгер бейнеленетіні хабарланды.
Қорғаныс министрлігінің тізімі бойынша, келесі санаттарға жататын азаматтар марапатталмақ:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
- ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе науқастануы салдарынан мүгедектігі бар адамдар;
- қорғанысына қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шартымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылына есептелген қалаларда ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары басшы және қатардағы құрамының адамдары;
- ҰОС кезеңінде әрекеттегі армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазым атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскері мен органы ерікті жалдамалы құрамының адамдары не тиісті кезеңде қорғанысына қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылына есептелген қалаларда болған адамдар;
- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдер аумағында партизандар жасағы, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар;
- Ленинград қаласындағы блокада кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;
- Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьдегі, геттодағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орнындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;
- қызметтік міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты науқастануы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органы және ішкі істер органы басшы және қатардағы құрамының адамдары;
- ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
- 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қайсарлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
- ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе науқастануы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның зайыбы (жұбайы) немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе науқастануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, сондай-ақ жалпы науқастануы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған қайтыс болған ҰОС қатысушының, партизанның, астыртын әрекет ететін адамның, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
- ҰОС қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері наградталады.
Наградталған адамға мерекелік медальмен бірге медальға куәлік табыс етіледі.