×

АҚШ-тағы тағы бір әуе оқиғасы: жолаушылар мінген ұшақтың қанаты өртенді

Әуе кемесінің қозғалтқыштарының бірі дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған

АҚШ-тағы тағы бір әуе оқиғасы: жолаушылар мінген ұшақтың қанаты өртенді
Фото: © REUTERS/Toru Hanai

Джордж Буш құрлықаралық әуежайында (Хьюстон, АҚШ) ұшуға дайындалып жатқан United Airlines авиакомпаниясы 100-ден астам жолаушы мен экипаж мүшелерін ұшақтан шұғыл түрде эвакуациялады, деп жазады Qaz365.kz Reuters-ке сілтемемен.

«Оқиға әуе кемесінің қозғалтқыштарының бірінің дұрыс жұмыс істемеуінен орын алған», – делінген АҚШ Азаматтық авиация әкімшілігінің (FAA) хабарламасында.
    

Нью-Йорктегі Ла Гуардиа әуежайына бағыт алған борт экипажы техникалық мәселе туралы сигнал алғаннан кейін ұшу-қону жолағына тоқтаған. Жолаушылардың бірі ұшу-қону жолағында келе жатқан ұшақтың қанатынан жалын шыққан сәтті түсіріп үлгерген.

 «Өтінемін, бізді осы жерден шығарыңыз», – дейді жолаушы. 

Airbus бортында 104 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. United Airlines мәлімдеуінше зардап шеккендер жоқ. Азаматтық авиация әкімшілігі оқиғаны тергеуді бастаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Осыған байланысты республикадан 156 шетелдік шығарылған
Ол 4,7 мыңнан астам салымшының жалпы сомасы 15 млрд теңге қаражатын заңсыз иемденіп кеткен
«Медеу» мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →