×

Қарағандыдан Астанаға донорлық органдар жедел жеткізілді

Жедел тасымалдау оқиғасы 3 ақпан күні түнгі мерзімде болған

Қарағандыдан Астанаға донорлық органдар жедел жеткізілді
Сурет: Бейнеден кадр

Қарағандыдағы трансплантологтар полицияның көмегімен донорлық органдарды Астанаға жедел жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми сайты  Polisia.kz ақпарат жариялаған болатын.

Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында органдар бар көлік Қарағандыдан Астанаға еш кідіріссіз және қиындықсыз жеткен.

“Осы жылдың 3 ақпанында жергілікті полиция басқармасына РМӨ ШДҚ республикалық үйлестірушісі өмірлік маңызды органдарды жедел тасымалдауға жәрдемдесу туралы өтініш жасады. ЖПҚБ бастығы Аслан Қызбикенов полиция департаменті басшылығымен келісе отырып, патрульдік полиция ротасының инспекторларына, Саян Сұлтанға және Жақсыгелді Жұмабековке дереу медициналық бригадамен автокөлікті алып жүруді қамтамасыз етуді тапсырды. Полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында донорлық органдары бар автомобиль Қарағандыдан Астанаға еш кедергісіз және оқыс оқиғаларсыз сәтті жетті. Ақмола облысының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері донорлық органдармен автокөлікті шұғыл ілесіп жүруді қамтамасыз ете отырып, трансплантологтарға баға жетпес көмек көрсетті.Біз осындай сәттерде бізге жүктелген барлық жауапкершілікті түсінеміз. Әрбір ілесіп жүру тек жұмыс емес, донорлық органдарды жылдар бойы күткен адамдарға көмектесу. Біз өмірді құтқаруға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз”, – делінген полиция ақпаратында.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-ның жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көшбасшы атанды
Кеше, 21:18

ШҚО-ның жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көшбасшы атанды

Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған
Kcell соңғы 20 жылдан бері абоненттерін алаяқтықтан қорғау жүйесін жүйелі дамытып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →