×

«Damumed»-тен пациенттердің жеке деректерін ұрлаған жетісулықтарға сот үкімі шықты

Олар «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген

«Damumed»-тен пациенттердің жеке деректерін ұрлаған жетісулықтарға сот үкімі шықты
Сурет: ҚР ҰҚК

Медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген екі жетісу тұрғынына сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 30 қаңтарда Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сотталды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықталған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Damumed жүйесінде жалған медициналық жазбалардың болуы туралы жазған болатынбыз. Журналист Ақбопе Тәңірберген аталмыш дерекқордан Қарқаралы аудандық ауруханасының дәрігерлерінен жалған ақпаратты тауып, денсаулығы мен беделіне алаңдаушылық білдірген болатын. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды
Кеше, 10:33

1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды

Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі
6 айға созылатын көрмеге 28 миллион қонақты қабылдау жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →