×

«Әншілер халықтың ақысын жеп жатыр»: депутаттар фонограммамен ән айтуды тоқтатуды талап етті

 «Ескі Қазақстан» әдістерін қысқарту керек

«Әншілер халықтың ақысын жеп жатыр»: депутаттар фонограммамен ән айтуды тоқтатуды талап етті
Фото: әлеуметтік желіден

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Толықбай Заңға фонограммамен ән айтуға тыйым салу ұсынылғанын, бірақ министрлік оны қолдамай отырғанын айтқан еді. Ал өзге де депуттар да аталмш заң жобасын қолдап, министрлік уәжіне қарсы шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мақсат Толықбайдың бұл пікірін депутат Қазыбек Иса қолдайтынын, заңмен реттемесе, әншілердің халықтың ақысын жеп жатқанын мәлімдеді.

«Біз заң жобасын қолдаймыз. Сонымен қатар көркемдік мәселесін жетілдіру керек. Әйтпесе, бізде сахна түгілі экрандарда да халық әртістері ішінде бір ұйқасы жоқ әндерді айтып шыға келеді. Осыларды заңмен реттеу керек. Өткенде жұмыс тобында бір топ әнші келді. Барлығы да «фонограмманы тоқтатуға болмайды» дейді. Қазақтың дарынды әншісі Ерлан Рысқали ғана фонограмманы тоқтату керек деді. Дыбыстық, техникалық, сахналық жабдықтар жетіспейтінін айтады. Осыны 20 жыл бұрын айтқан. Сол биліктің солқылдақтығынан қолға алынбай қалды. Қазір тағы алдымызға келді. Енді 20 жылдан кейін де осы әңгімені айтып отырады. Дайын емеспіз дейді. Бұлар халықтың ақысын жеп айтады. Фонограмманы тоқтату керек», - дейді Қазыбек Иса.

“Бәрін құрту керек”

Сондай-ақ әріптестерін қолдаған депутат Жаңбыршин министрліктің айтқан уәжіне қарай шегіне бермеуді, Заңды қабылдайтын депутаттар екенін айтты.

«Мен жұмыс тобындағы әріптестерімді түсінбеймін. Неге біз сол министрліктің айтқан уәжіне қарай шегіне береміз. Олар техникалық мүмкіндік жоқ, тағы бірдеңе жоқ десе, олардың проблемасы. Өлең айтып жүргендердің бәрі бай. Әрқайсысын тойға шақырсаң, бәленбай мың ақша төлейсің. Бір аппаратты алып қою - оларға сөз емес. Қазір жанды дауыс болмаған соң екінің бірі әнші болып жүр. Заңды қабылдайтын кім? Үкімет пе, әртістер ме, әлде депутаттар ма? Біз ғой қабылдайтын. «Ескі Қазақстан» әдістерін қысқарту керек. «Жаңа Қазақстан» орнатамыз деп келдік пе, орнатайық. Дауыс беріп, қабылдайық. Қаңтардан бері 3 жыл өтті. Жасау керек. Бәрін құрту керек», - деді Еділ Жаңбыршин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жеңімпаз оқушылар енді 6 миллион теңгеге дейін ала алады
Бүгін, 17:05

Жеңімпаз оқушылар енді 6 миллион теңгеге дейін ала алады

Оқушыларды дайындаған педагогтарды да ынталандыру көзделіп отыр  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →