×

Жастардың қауіпті тобы "Рёдан" Қостанайда кездесу өткізбек - видео

Полиция тарапынан күш қолдану болады

Жастардың қауіпті тобы "Рёдан" Қостанайда кездесу өткізбек - видео
Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанайдағы сауда орталықтарында "ЧВК Рёдан" бейресми жастар қозғалысын қолдаушылардың кездесуі өтетіні туралы хабарламалар тарады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі “Наш Костанай” порталына сілтеме жасап.

"ЧВК Рёдан" бейресми жастар қозғалысын қолдаушылары қара шалбар, ұзын қара шашты және өрмекшінің бейнесі бар қара футболка киеді. Бұл символика танымал жапондық "Hunter x Hunter" аниме сериясынан алынған. Мұндай тату-суреттерді ондағы Өрмекшілер тобының мүшелері жасаған. Жалпы, бұл аниме кейіпкерлері өздерінің жауыздықтарымен ерекшеленеді. Ертең осы субмәдениеттің жетекшілері орталықта "Март" және "Қостанай плаза" сауда орталықтарында кездесуді жоспарлап отыр. Полиция тарапынан күш қолдану болады! Сондықтан балаларыңызды жібермеуіңізді сұраймыз. Осы ақпаратты 5-11 сынып жетекшілері ата-аналарға жеткізіңіздер", - деп жазды анонимді мессенджерлерде.

Қазір полиция бұл ақпаратты тексеріп жатыр.

"ЧВК Рёдан" субмәдениеті ақпанда ресейлік сауда орталықтарында басқа бейресми топтардың өкілдерімен жаппай төбелесінен кейін кеңінен танымал болды. Оқиғалардан кейін тұтқындаулар орын алып, полиция қозғалыста болған жасөспірімдерге рейд жүргізді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →