×

Талғарда ОПГ бар – Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты

Сот жалғасып жатыр

Талғарда ОПГ бар – Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты
скриншот/Stan.kz

Шерзат Полаттың сотында Қаржаубай Нұрымовтың мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев соттан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған «Талғарда ОПГ белгілері бар ма?» деп сұрақ қойылған.

«Әркім әртүрлі көзқараспен қарайды. «ОПГ бар» деп Талғарда әлі күнге дейін айтылады. Мен шыны керек, оқиға болған орынға барам, жан-жақты адамдардан сұраймын, ондай болған, бар. Бірақ бұл қылмыстық іс аясында оған белгілі бір құқықтық баға беріліп тұрған жоқ. Біле білсеңіздер, Нұрбол келген кезде «мен хуторскиймін» дейді. Өткенде Нұрқанаттың сол кісілермен төбелескені, кейін сол жерде бәрін жаба салғаны айтылған. Сондықтан Қаржаубай да «солардың балалары келіп, төбелес болып кете ме» деген қауіп болған. Ал «Ғайыпбаев Нұрқанат таниды екен, өздері бейбіт түрде шешеді» деген оймен шақырған. Төбелеске шақырмаған. Бір-бірін таниды деген мақсатта шақырған», - дейді Мейірман Шекеев.

Адвокат сонымен қатар, сот үкім шығарған кезде сотта дұрыс жауап бермеген куәгерлердің жауабына құқықтық баға берілетінін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әлемдік тәжірибеде АЭС-тің құрылысы мен іске қосылуы орта есеппен 10–12 жылға созылады
Оның жалған мекемесінен келген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан
Жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →