×

Жалынды жастарға мол мүмкіндік берілмек

Жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын баса айтты

Жалынды жастарға мол мүмкіндік берілмек
«АМАNАТ» партиясы

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері байзақтық белсенді жастармен кездесті. Сарыкемер ауылындағы партияның аудандық филиалында өткен кездесуге 30-дан аса жастар қатысты. Жалпы, ауданда 14-35 жас аралығындағы жастардың саны 32 мыңнан асады. Ал олардың ішіндегі NEET жастар 136-ны құрайды. Жалынды жастардың қазіргі таңдағы басты проблемасы - жұмыссыздық. Олардың айтуынша, 2,5 пайыз берілетін жеңілдетілген несие алушылардың саны шектеулі. Басқосуда жастар жағы партиялықтардан бұл мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал етулерін сұрады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

- Бүгінде жастар саясаты саласындағы жұмыстар қайта жаңғыртылуда. Қазіргі таңда «жастар үшін» қағидатынан гөрі «жастармен бірге» қағидаты маңызды рөлге ие. Дәл қазір Жамбыл облысында 258 мың жас тұрады. «AMANAT» партиясы жастарды жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелерін шешу жөнінде нақты қадамдар жасауда. Партия алдағы 5 жыл ішінде Тараз қаласындағы қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізуге жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ әр ауданда «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жыл сайын жазғы кезеңге 1,7 мың адамды жұмысқа орналастыруға тікелей көмектеседі. Ал «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында 700-ден астам жас кадр қамтылмақ. Бұдан бөлек, «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобасы шеңберінде жыл сайын кемінде 2 мың жасты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Партияның сайлауалды бағдарламаларына сәйкес жас кәсіпкерлер де үлкен қолдауға ие болады. Осылайша, конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% пайызбен жеңілдетілген несиелер берілмек. Ал жігерлі жастардың бастамаларын қолдау мақсатында жыл сайын әр түрлі салалар еңбек ететін 10 азаматқа «Әулиеата үздігі» сыйлығы беріледі. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары да жыл сайын берілетін болады. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жұмыспен қамтылмаған жастардың автоматтандырылған электрондық деректер базасын әзірлеу және енгізу жоспарлануда. «Qaisar» жобасы аясында жоспарланған 70 іс-шара барысында 5 мыңнан астам жас әскери-патриоттық қызметпен қамтылады. «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жастар үшін қосымша 5 мың жұмыс орны қамтамасыз етіледі,  - деді Асқар Әбдуәлі. 

Бұдан кейін сөз алған Махметғали Сарыбеков 2019 жылдан бері өңірде «Жамбыл облысындағы ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы табысты жүзеге асқанын атап өтті. Ол өз сөзінде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын баса айтты. Оныңайтуынша, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Осылайша, биылдан бастап бұл жобаға 22 ауылдық округ енгізіліп, нәтижесінде 2,5 пайыз бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде 3 мыңнан астам жоба қаржыландыру жоспарлануда. 

Кездесу соңында жастар партиялықтарға көкейлерінде жүрген өзге де сұрақтарын қойды. Өз кезегінде “аманаттықтар” барлық сауалға нақты дәлел-дәйектермен жауап беріп, жігерлі жастарды жетекші партияға дауыс беруге шақырды. 

 

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →