×

Тұрғындар тіршілік нәрінен таршылық көрмеуі тиіс

Мұндағы құбырлар 2011 салынғанымен, бүгінде тозығы жеткен.

Тұрғындар тіршілік нәрінен таршылық көрмеуі тиіс
«АМАNАТ» партиясы

 «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Жалпы, бұл округтің құрамына Диқан, Аймантөбе, Жеңіс және Денсаулық саяжайы кіреді. Мұндағы тұрғындар саны 3,5 мыңға жуық.  Ауылдықтар негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Диқандар үшін ауыз су мәселесі бас ауруына айналған. Өйткені, мұндағы құбырлар 2011 салынғанымен бүгінде тозығы жеткен. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын. 

- «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың ең маңызды қажеттіліктері ескерілді. Олардың ішінде ең маңыздысы – тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда облыстың 367 ауылдық елді мекенінің 285-і орталықтандырылған сумен қамтылса, 82 ауыл тұрғындыра орталықтандырылмаған суды пайдаланып отыр. Бұл мәселені оңды шешу мақсатында партия тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылатын болады. Атап айтқанда, 69 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге сондай-ақ халқы 200 адамнан кем 24 ауылда суды тазарту үшін кешенді блоктық модульдер орнатуға ықпал етеміз. Осылайша, халықты сапалы әрі қолжетімді ауыз сумен 100 пайыз қамту үшін нақты қадамдар жасалмақ,  - деді Махметғали Сарыбеков. 

Кездесу барысында ауыл тұрғындары елді мекендегі Денсаулық саябағына қатысты түйткілді мәселелерді де атап өтті. Айтуларынша, саяжайдың статусы болмағандықтан, мұндағы проблемалар әлі күнге шешімін таппаған. Өз кезегінде “аманаттықтар” партия барлық өтініш-тілектерді ескерусіз қалдырмайтынын жеткізді. Сондай-ақ облыстық сайлауалды штабының мүшелері тұрғындарды саяси науқанға белсене қатысуға шақырды. 

 

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →