×

Болат Назарбаевтың әлдебір балақайдың тұсауын кесіп жатқаны жайлы видео тарады - видео

Бұған дейін дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр екенін айтқан еді  

Болат Назарбаевтың әлдебір балақайдың тұсауын кесіп жатқаны жайлы видео тарады - видео
коллаж qaz365.kz


Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры – Болат Назарбаевтың әлдебір балақайдың тұсауын кесіп жатқаны жайлы видео тарады. Видеодан осыдан біраз уақыт бұрын бұқаралық баспасөз құралдары "хәл үстінде жатыр" деген Болат Назарбаевтың көңіл көтеріп, билеп жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды qaz365.kz.

2022 жылдың шілде айында “Экспресс К” Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты репортаж жариялаған еді. Онда журналистерді шақырған Болат Назарбаевтың қызы әкесінің мүгедектер арбасына таңылып, өздігінен қозғала алмай қалғанын, сондай-ақ сөйлей алмайтынын жеткізген болатын. Дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр екенін және қант диабеті бар екенін айтқан.

Айта кетсек, 2022 жылдың тамыз айында Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды.

Одан бөлек, «Алматы Стекло» ЖШС құрылтайшысы Әзім Абдуллаев Болат Назарбаевты «шыны зауытын рейдерлік жолмен басып алды» деп айыптап, экономикалық сотқа талап арыз бергеннен кейін ҚР тұңғыш президентінің інісі ар-намысы мен абыройын қорғау үшін N2 Әуезов аудандық сотына жүгінді.

2022 жылдың қазан айында Әуезов ауданының соты Болат Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талабын қанағаттандырып, ол өзіне жала жапқан кәсіпкерден жарты миллион теңге өндіріп алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →