×

Атырауда 44 жастағы әйел мұз астына түсіп кетті

Ол жолды қысқарту үшін өзеннің келесі жағалауына мұз үстімен өтпек болған

Атырауда 44 жастағы әйел мұз астына түсіп кетті
Атырау облысы ТЖД

Атырауда Жайық өзеніне батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлады qaz365.kz тілшісі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.

«Кешкі сағат 21:49-да Атырау қаласындағы «Элита» мейрамханасының тұсында белгісіз адам Жайық өзеніне батып бара жатқаны туралы шақырту түсті. Шақырту орнына жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші суға батқан әйелді құтқарып қалды. Ол жолды қысқарту үшін өзеннің келесі жағалауына мұз үстімен өтпек болған. Құтқарылған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір 1979 жылы туған әйел аурухана дәрігерлерінің бақылауына алынды», - деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан.

Жайық өзеніне батқан әйелді құтқаруға департаменттің 5 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →