×

Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды

Олардың заңға қайшы әрекеттеріненкелтірілген залал 400 миллион теңгеден асқан

Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды
Сурет: Polisia.kz

Жамбыл облысы "Ақбақай" кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер  министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл облысында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Ақбақай" кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Топ құрамына жергілікті тұрғындар, комбинат қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері кірген. Заңсыз өндіруден бастап өңдеуге және алтын құрамды шикізатты тасымалдауға дейінгі қылмыстық тізбек толығымен әшкереленді. Олардың заңға қайшы әрекеттерінен кәсіпорынға келтірілген залал 400 миллион теңгеден асты. Топ ұйымдастырушысы мен оның сыбайластарын ұстау бір мезгілде елдің төрт өңірінде жүргізілді. Жалпы 50-ден астам адам ұсталды. Шамамен 6 кг алтын тәркіленді, кен өңдейтін 8 жасырын цех жойылды. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактілері бойынша тергелуде”,  – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Алтын контрабандасының арналары, өзге де көлеңкелі айналымдар және түпкілікті бенефициарларды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →