×

Жаңаөзенде жігіттердің ит атып жүргені желіде наразылық тудырды

Өлген иттердің арасында тірі күшік пен овчарка да бар болып шықты

Жаңаөзенде жігіттердің ит атып жүргені желіде наразылық тудырды
Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде ит атып жүргендердің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрдан ер адамның атылған 18 иттің өлексесін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады. Өлген иттердің арасында тірі күшік пен овчарка да бар болып шықты.

«Біз мұнда иттердің барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ, олар келіп өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, қоқысқа апарып тастайды. Мұнда не болып жатыр өзі?!» - деп еңіреп жылап жүр жануарларды қорғаушы әйел.

Оны көрген кейбір желі қолданушылар да наразылық танытып, шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрап отыр.

Еске сала кетсек, елімізде бұралқы иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →