×

Қызылорда қаласында мектеп оқушылары бірін-бірі пышақтаған

Үш жерден жарақат алған жасөспірім дер кезінде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді

Қызылорда қаласында мектеп оқушылары бірін-бірі пышақтаған
Фото: azattyq-news.kz

Сұмдық жайт шаһардағы №217 мектеп-лицейінде күні кеше орын алған. 17 жастағы жасөсіпірім білім ордасының қабырғасында параллель сыныптағы құрдасымен ерегіскен, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі «Azattyq-News»-ке сілтеме жасап. 

Үшінші сабақтан соң мектеп бітірушілер сыртқа шығып  жанжалды шешпек болған. Мәселе сөзбен шешілмегендіктен оқушылардың бірі екіншісіне пышақ ала жүгіріпті. Үш жерден жарақат алған жасөспірім дер кезінде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

“Пышақтың тиген жері сол иығы, сол кеуде тұсы және сол саны. КТ түсірілді, кеуде клеткасын, ішкі құрылысын УЗИ түсірдік. Балада ол жағы аман, тек сыртқы тері қабатының зақымдалуы көзге түсті. Соған байланысты обработка жасалып, тігіліп, бала амбулаториялық бақылауға үйіне жіберілді”, – дейді Зоя Кушенова, Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері

Күдікті жасөсіпірім болса алғашқыда Қызылорда қалалық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, содан соң ата-ана қарауына тапсырылған екен. Жанжалдың неден басталғанын дөп басып ешкім айтпай отыр. Қалалық білім беру бөлімі қазір осындай жағдайға жол берген №217 мектептің әкімшілігіне қатысты тексеру жұмыстарын бастап кетіпті.

“Аталмыш жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі және облыстық білім басқармасы атынан жұмысшы тобы құрылып, қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – дейді Самат Күнходжаев, Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің бас маманы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек
Бүгін, 18:21

Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек

Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →