×

"Мені досымның қасына жерлеңдер": Cатыда бір мектептің екі оқушысы қайтыс болды

Бірі өзіне қол салған

"Мені досымның қасына жерлеңдер": Cатыда бір мектептің екі оқушысы қайтыс болды
ztb.kz

Екі күн бұрын Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылында 10-сынып оқушысы қайтыс болып, күдікті ретінде 11-сынып оқушысы қамауға алынған еді. Ал бүгін қайтыс болған оқушының сыныптасы өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы 31 телеарна журналисі Ирина Советжанқызы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистің айтуынша, оқушы өзіне қол салмай тұрып, “мені досымның қасына жерлеңдер” деп жазып кеткен.

“Хатында өзін “мені досымның қасына жерлеңдер” деп жазған. Сатылықтар кеше ғана досының жерлеу рәсімі кезінде көмектесіп, жүгіріп жүрген бала еді дейді. “Күдікті бала, яғни 10 сынып оқушысын өлтірді деген айыппен қамауға алынған бала үйқамаққа шығарылды деген еді, сол себеп болмады ма екен?” Бүгін қаралы үйге көңіл айта берген елдің осындай күдігі бар екен. Төбелес кезінде куә болған он шақты баладан сұрау алған кезде қысым болмады ма екен? Қайтыс болған екі бала да жақын достар және бір-біріне туыс болып келеді екен. Алақандай ауыл бейбіт күнде екі бірдей баласынан айырылды. Бұл жағдайдың түпкі себебі жіті тексерілуі керек”, – деп жазды журналист.

Возможно, это изображение текст «кудкт бала 11-сынып дед. еедеше бул балага не оолды екен? кайтыс болган баланын сыныптасы ма? 11:28 ия сыныптасы жанына жерленлер деп хат жазып кеткен асылып калган тунде сагат брде»

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →