×

Алматыда жанар-жағармай қымбаттады: қайда, қаншадан сатылып жатыр

Сайт тілшісі бағаларды көзімен көріп қайтты.

Алматыда жанар-жағармай қымбаттады: қайда, қаншадан сатылып жатыр
Qaz365.kz

Бүгін Алматы қаласындағы жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин мен дизель отынының бағасы шарықтап шыға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сайт тілшісі мегаполистегі жанар-жағармай бекеттерін аралап, бағаларды көзімен көріп қайтты.  

Бұған дейін литрі 180 теңгеден сатылып келген АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден бір-ақ шықты. Бұл қымбаттау helios, Sinooil, Royal Petrol жанармай құю бекеттеріне тән. Ал Petrol Asia бекетінде жанармай бұрынғы бағамен, яғни АИ-92 бензинінің литрі 179 теңгеден сатылып жатыр.

Еске сала кетсек, Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы өсетіні туралы наурыз айынан бастап айтылып келеді. Бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов 15 наурызда, яғни Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауының алдында «Бензин бағасы көтерілмейді» деген мәлімдеме жасаған болатын. Ал сайлау өткен соң, нақтырақ айтсақ, 4 сәуірде «Бензин бағасын көтермесе болмайды, өйткені Қазақстанның арзан бағадағы бензинін алыпсатарлар көршілес мемлекеттерге тасып жатыр» деген уәж айтты.

12 сәуірде Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының шекті бағасын бекітті. Күні кеше ғана министрлік «Жанармай құю станцияларында бензин мен дизель бағасы өзгерген жоқ. Бұрынғы бағамен сатып алынған жанармай қалдығы әлі де бар. Оны жанармай құю бекеттері ескі бағамен сатады. Жаңа өнім келгенде, баға өзгеруі мүмкін» деп мәлімдеген болатын..

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →