×

«Дедовщина» бар: Депутат сарбаздарға несие алуға тыйым салуды ұсынды

Қомақты кредит алған жағдайлар болған

«Дедовщина» бар: Депутат сарбаздарға несие алуға тыйым салуды ұсынды
коллаж Qaz365.kz

Сенат комитетінің отырысында депутат Жанна Асанова әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға қарыз алуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Оның айтуынша, сарбаздарға ірі көлемде несие берілген жағдайлар бар екенін айтты.

“Әскердегі сарбаздарға несие алуға тыйым салу керек. Себебі, олардың атына қомақты кредит алған жағдайлар болған. Мұның неге істелетіні белгілі. Kaspi қосымшасы арқылы оны істеу жеңіл.  “Дедовщина” жасау әлі тоқтаған емес. Біздің қоғамда “дедовщина” тек әскерде ғана емес.   Ол мектептен басталады.  Балалар арасында қандай жағдайлар болып жатқанын жақсы білесіздер. Әлімжеттік мектептерде, университеттерде бар.  Зорлық-зомбылық бәрі болып жатыр”, - дейді депутат. 

Ол бұған себеп, үйдегі психологиялық жағдай, күйзеліс және тағы басқалар деп айтты.

“Жасырудың не керегі бар, әскерге жоғары оқу орнына түсе алмағандар барады. Егер ол адамда сондай күш көрсету белгілері болса, әскерде өзін көрсете бастайды. Осылайша, әлсіздерге қысым көрсетеді және тағы басқа әрекеттерге барады. Ол үшін әскер өзін қалыптастыратын жалғыз орын болып көрінеді”, - деді Жанна Асанова.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштері Бас әскери медициналық басқармасы басшысының орынбасары Берік Ілиясовтың айтуынша, Қазақстанда әскерге шақырылған жастардың 15%-ы мүлдем жарамсыз екен. 

“2022 жылы медкомиссиядан өткендердің саны 130 мыңнан асты. Оның 80%-ы әскерге жарамды болды. Алайда қалған 20%-ы, оның ішінде 15%-ға жуығының әскерге мүлдем жарамсыз екені анықталды. Ал қалған 5%-ы – әскерге тек уақытша жарамсыз деп танылды”, - дейді Берік Ілиясов.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев болса, тағы бір мәселені айтты. Ол 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болғанын жеткізді.

Оның ішінде 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85, 2023 жылы 11 әскери адам көз жұмған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында Әбілхан Қастеевтің ескерткіші ашылды
Бүгін, 19:27

Жетісу облысында Әбілхан Қастеевтің ескерткіші ашылды

Шараға суретшінің қызы мен немересі қатысты
Олардың 16-сы сот шешімен елден шығарылатын болды
Қазақстанға жылына 495 мың тонна қант сырттан әкелінеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →