×

Екі жыл ішінде үлескерлерге 30 млрд теңгеден астам шығын келтірілген

Қадағалау органында соңғы екі жылда тергеу органдарымен 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталғаны аталды

Екі жыл ішінде үлескерлерге 30 млрд теңгеден астам шығын келтірілген
Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

ҚР Бас прокуратурасы жосықсыз құрылыс салушыларға байланысты қадағалау органында соңғы екі жылда тергеу органдарымен 20 қылмыстық іс тіркелгенін жеткізді. Осы факті бойынша 16 адам сотталған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

18 сәуірде ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен үлестік құрылыстың проблемалық мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, елорда әкімі, құрылыс істері комитетінің, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС-ның төрағалары, өңірлердің прокурорлары және облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары жұмысқа қатысты.

Берік Асылов әрбір отбасы өз баспанасын армандайтынын, сол үшін жылдар бойы пәтерге қаражат жинайтынын немесе несие рәсімдейтінін атап өтті.

Бұл ретте жосықсыз құрылыс салушылар азаматтарды төмен бағамен желіктіріп, оларды алдауда.

Нәтижесінде үлескерлер ақшасыз және қалаған "шаршы метрсіз" қалуда.

Бұл туралы ағымдағы жылдың басында Мемлекет басшысымен елорданы дамыту жөніндегі кеңесте айтылған болатын.

Президент сәулет және құрылыс саласындағы бақылауды күшейтудің, құрылыс компанияларының жауапкершілігін қатаңдатудың жаңа тәсілдерін көздеуді тапсырған.

Қадағалау органында соңғы екі жылда тергеу органдарымен 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталғаны аталды. Олармен 30 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

300-ден астам компаниялар заңсыз алымдар үшін 250 млн теңге айыппұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар қазір елімізде 44 үйді салып бітіру қалғаны айтылды. Олардың көпшілігі елордада – 16 және енді мемлекет есебінен қаржыландырылуда.

Бас прокурор құрылыс салушылардың алдын ала, ниет, инвестициялар және т.б. шарттар арқылы заңды айнала өте азаматтардың қаражатын тарту бойынша заңсыз әрекеттеріне назар аударды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →