×

Жетісу облысында ақша бопсалағандар ұсталды

Күдіктілер Жаркенттегі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жетісу облысында ақша бопсалағандар ұсталды
Жетісу облысы ПД

Жетісу облысының полицейлері жаркенттік кәсіпкерден ақша талап еткендерді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстың gолиция департаментіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы gолиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлері көмегімен ақша бопсалауға қатысы бар күдіктілерді ұстады. 

"Топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі Алматы облысынан, үшіншісі Жетісудан. Олар жәбірленушіден ақша алу кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 миллиметр калибрлі 13 оқ-дәрісі бар тапанша тәркіленді", - деді облыстық ПД өкілі Сарқытбай Құсайынов.

Күдіктілер Жаркентте ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юанін (шамамен 990 мың теңге) талап еткен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →