×

Оңтүстіктегілер шіркейге таланып жатыр

Тіпті, «далаға шығудан қалдық» деген жұрттың қарасы қалың

Оңтүстіктегілер шіркейге таланып жатыр
Коллаж Qaz365.kz

Түркістан мен Қызылорда облысының тұрғындары шіркейге таланып жатыр. Әлеуметтік желіде осыған қатысты көптеген видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әсіресе Көксарай су реттегіші мен Сырдария өзеніне жақын орналасқан елдімекен тұрғындары жәндікке таланып жатыр екен. Тіпті, «далаға шығудан қалдық» деген жұрттың қарасы қалың. Тұрғындардың сөзінше, ірі қара малдың жаңа туған төлі де шіркейге шыдамайды екен.

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбековтің айтуынша, өңірдегі төрт аудан мен екі қалада шіркеймен күреске бюджеттен 643 миллион теңге бөлінген. Оның 40 миллион теңгесі зерттеу жұмыстарына жұмсалмақ. Қалғаны аумақты залалсыздандыруға қажетті дәрі-дәрмек алуға, жұмысшылардың еңбек ақысына беруге бағытталған.

«Satti tulik» ЖШС директорының орынбасары Қайрат Ермен Түркістан облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сырдария өзені бойында және Шардара, Отырар ауданы мен Арыс қаласында 7 нүкте анықталып отырғанын айтты.

“Біз екі реттен биологиялық жұмыстар жүргіздік. Әр шіркей 100-ден 200-ге дейін ұяшық тастайды. Бірінші реттік жұмыстардың барысында 80-85 пайыз ұяны жойдық. Ал 10-15 пайыз шіркей ауаға ұшып шығып кетті. Былтырғы жылға қарағанда саны 4-5 есе көп. Егер біз жұмыс атқармағанда шіркейлер ошағы Түркістан облысын басып қалар еді. Бұл жұмыстарға 70-тен астам техника, 90-нан астам жұмысшы жұмылдырылып отыр”, – деді Қайрат Ермен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →