×

Медеудегі өртті сөндіруге ұшақ жіберілді

Қураған шөп жанып жатыр

Медеудегі өртті сөндіруге ұшақ жіберілді
Видеодан кадр

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Өрттің видеосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жануда.

«Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар мәлім етілгендей, Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» ұшағы шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →