×

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады
akorda.kz

Мемлекет басшысы 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

Президенттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады.

“Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысқан. 9 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған”, – деп мәлімдеді Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Желдібай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →