×

Медеуде тағы бір құтқарушы жарақат алды, өртпен күрес жалғасуда

Өрттің алдын ала ауданы 3 га құрайды

Медеуде тағы бір құтқарушы жарақат алды, өртпен күрес жалғасуда
ТЖМ

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Медеудегі өрт туралы егжей-тегжей ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 7 мамыр күні сағат 23:52-де Алматының Медеу ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөп пен құлаған ағаштардың тұтанғаны анықталды. Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 59 адам мен 15 техника, сондай-ақ парктің жедел тобы дереу жіберілді.

8 мамыр күні сағат 01:24-те қызметтік борышын орындау кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты 1994 жылы туған Арслан Құрманбеков қаза тапты.

Сондай-ақ өртке қарсы қызметтің тағы бір қызметкері Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ерік Оқасов қолына жарақат алды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, шөптің биік әрі құрғақ болуымен, қураған ағаштың көп мөлшерімен (құлаған құрғақ ағаштар) күрделенуде. Сондай-ақ су төгетін құрылғысы бар ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» Ми-171 және Ми-8 тікұшақтары жұмылдырылды.

Оқиға орнында өртті жоюға «Іле Алатау» МҰТП-ның 42 және ТЖД-ның 32 қызметкері, 5 техникасы жұмыс істеуде.

Өрттің алдын ала ауданы 3 га құрайды. Сағат 15.13-тегі жағдай бойынша биіктен 13 рет су төгілді (39 тонна). Тау баурайының оңтүстік-шығыс бөлігінде өрттің таралуын оқшаулауға қол жеткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →