×

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы да газ алауы жанды

Технологиялық режимнің бұзылуының себеп-салдары анықталып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы да газ алауы жанды

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы да газ алауы жанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 8 мамырда параксилол өндіретін Paramax (PX) технологиялық қондырғысын іске қосу шарасы жүргізілген. Алайда, кешкі сағат 19:18-де алдын ала фракцияға бөлу бағанын ыстық циркуляцияға шығару кезінде қысым клапанының жұмысынан ақау шыққан.

«Сол себепті технологиялық контурда қысым жоғарылады. Апаттарды жою жоспарына сәйкес жабдықтың герметикалық қасиетінің бұзылуын болдырмау мақсатында жағдай тұрақталғанға дейін газ уақытша факелге жіберілді», – деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қаласында орналасқан атмосфералық ауа сапасының мониторингі станцияларының көрсеткіштеріне талдау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Енді экологтар «Атырау МӨЗ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.

«Атырау МӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек, 27 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 16:08-де каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық режим бұзылған.

«Авариялық жағдайларға жол бермеу мақсатында жанармай газы мәжбүрлі түрде факелге жіберілді. Сағат 16:33-те газды факелге жіберу тоқтатылды. Қазір технологиялық режимнің бұзылуының себеп-салдары анықталып жатыр», - деп хабарлаған еді зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →