×

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға тегін оңалту курстары басталды

Емдік курсқа 4 жастан 25 жасқа дейінгі алматылықтар тегін қатыса алады

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға тегін оңалту курстары басталды
Almaty.tv

Ерекше қажеттілігі бар жандарды спорт арқылы қоғамға бейімдеу. Отбасылық тау курорттарының бірінде дамуында кемістігі бар алматылық балалар тегін оңалту курстарынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Қала басшылығының мұрындық болуымен игі бастама 6 жылдан бері жүзеге асып келеді. Бұл уақыт аралығында 3 мыңнан астам адам шаңғы мен сноубордта жоғары тау жағдайында бейімделген сырғанау қалалық бағдарламасы бойынша шынығып үлгерген.

Ирина Образумова – дамуында ақауы бар 2 баланың анасы. Ол осыған дейін ұлдарын емдеу курсынан өткізу үшін отбасылық курортқа бірнеше рет келген. Айтуынша, жергілікті әкімдіктің қолдауының арқасында спортпен шұғылдану арқылы балаларының даму қарқыны жақсарған. 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың мұқтаждығы үшін бөлінген бюджет қаржысы олардың нақты қажеттілігіне жұмсалуы тиіс екенін айтқан еді. Разы болған ата-аналар жүргізіліп отырған саясат үшін Президентке хат жолдап, алғысын да білдірді.

– Әр оңалту курсынан кейін өзгеріс бірден байқалады. Аутизмі бар баламның түсіну қабілеті жақсарады. Шын мәнінде бұл жоба балаларға ғана емес, ата-аналарға да үлкен көмек. Себебі ерекше бала тәрбиелеп отырғандар әрқашан қырағы жүруі керек, сәйкесінше күйзеліс көбейе түседі. Ал мұнда келгенде нұсқаушыларға тапсырып, бір серпіліп қаламыз, – деді ата-ана Ирина Образумова.

Аталмыш бағдарламаның тағы бір қатысушысы – 4 жасар Сана. Анасының айтуынша, бұл жоба жайында 1 жыл бұрын естіген. Алайда қысқы курсқа қатысуға орын болмағандықтан, мұнда келуді жақында ғана бастапты. «Аз уақыт болса да, нәтиже байқалады» дейді Бақыттыгүл Ахметжанова.

– Баланы алып үйден әкетіп, өайта әкеледі. Осы жерден тамақтандырады. Әр балаға бір-бір инструктордан беріледі. Соның бәрі 3-3,5 сағатқа созылады. 3 күннің ішінде баланың қатты дамуын көрмесек те, көңіл-күйінің жақсарғанын көріп жүрмін, – деді ата-ана Бақыттыгүл Ахметжанова.

Жобаның 1 курсы он күнге жалғасады. Бағдарлама шамамен 2 сағатқа жалғасады. Осы уақыт аралығында оңалтуға келгендер тәжірибелі нұсқаушылардың қарамағында болады. Осындай жүйелі жұмыстың арқасында күніне 100-ге жуық бала қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, емдік курстан кейін оларға кез келген жаттығуға бейімделу әлдеқайда оңай болады.

– Бұл жерде жүргеніме бір жылдан аса уақыт болды. Алғаш келген бүлдіршіннің курс аяқталғанда жақсарғанын көріп қуанамын. Біршама өзгеріс байқаймын. Сал ауыруымен келгендер де жақсы нәтиже көрсетіп жатады, – деді жоба үйлестірушісі Станислав Игнатенко

Курс аутизм, церебралды сал ауруы, даун синдромы, ақыл-есінің дамуы тежелген, көру қабілеті мен есту қабілеті нашар балаларға арналған. Бағдарламаға шаңғымен сырғанау, ролик тебу, иппотерапия сынды жаттығулар енгізілген. Ол әр баланың психоэмоционалдық және физикалық тұрғыдан дамуына өлшеусіз үлес қосады. Емдік курсқа 4 жастан 25 жасқа дейінгі алматылықтар тегін қатыса алады. Ал өзге өңірдің тұрғындарына бұл қызмет ақылы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған
Бүгін, 10:44

«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған

Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →