×

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркейді

Жаңа талап 1 шілдеден күшіне енеді

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркейді
ашық дереккөзден

1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркейді. Заңнамаға енгізілген бұл өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», - деп мәлімдеді Ақмарал Серікбаева.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Қазір мұндай істердің жартысы татуласумен аяқталып, сотқа жетпей жатыр.

«Мысалы, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады. Бұл психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Ақмарал Серікбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор
Бүгін, 12:33

Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор

Астанада экс-министр Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →