×

Киногерлер наразылығына байланысты конкурсқа келіп түскен барлық өтінімдер қайта қаралатын болды

Киногерлер наразылығына байланысты конкурсқа келіп түскен барлық өтінімдер қайта қаралатын болды

Кинематографистердің үндеуіне қатысты ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржыландыруды алуға үміткер киножобалардың кезекті – бесінші конкурсы өтіп жатыр. Оның ұйымдастырушысы - "Ұлттық киноны қолдау орталығы" КЕАҚ. Биыл электронды және қағаз форматында 290 өтінім келіп түсті. Кейбір кинематографистер кино орталығы (ҰКҚМО) өткізген конкурстың нәтижелерімен келіспейді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын басшылыққа ала және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, министрдің тапсырмасы бойынша келіп түскен барлық өтінімдерді қайта қарайтын тәуелсіз комиссия құрылады", делінген вице-министр Нұрғиса Дәуешовтің жазбасында.

Вице-министрдің хабарлауынша, бұл объективтілікті қамтамасыз ету үшін жасалады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Енді мемқызметшілердің жалақысы үш жылда бір өсіп отырады
Өңірде 5900-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 300 камера бейнеаналитика жүйесімен жабдықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →