×

Қарағанды облысындағы кеніштің 160 қызметкері жыл бойы жалақы алмаған

Құзырлы органдарға шағымданса да, жағдай өзгермепті

Қарағанды облысындағы кеніштің 160 қызметкері жыл бойы жалақы алмаған
Фото: видео-скрин

Қарағанды облысындағы Қушоқы кенішінің 160 жұмысшысы жыл басынан бері жалақысыз жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар маңдай термен тапқан адал ақшасын күте-күте шаршаған. Құзырлы органдарға шағымданса да, жағдай өзгермепті.

Ал кеніш басшылығы индустрия министрлігінің қағазбастылығынан қаржылық қиындыққа тап болдық дейді. Өйткені аталмыш ведомство кенішке келген жаңа компанияға жер қойнауын игеруге рұқсат қазғаздарын рәсемдеуді созбалаңға салған. Соның салдарынан өнімін сата алмаған компания жұмыскерлерге жалақы төлей алмай отыр. 

Кезінде Кеңес Одағында аты дүркіреген Қушоқы кенішінің бүгінгі жағдайы мәз емес. Мұнда "Қазақмыс" компаниясынан кейін келген қожайындар жұмысты жөндеп жолға қоя алмаған сыңайлы. Өйткені кеніштегі ескірген техника әлі жаңартылмаған. Ал жұмсышылары жыл басынан бері жалақы көрмей жүр.

Кеніш ғимаратының алдында жалақасын даулағандар күнде жиналады. Зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруға ақша аударымы туралы ойлауға да қорқады. Ауыра қалса, дәрігер қарамайды. Алған несиесін өтеу және бала-шағаны асырау үшін кез келген жұмысқа жалдануға мәжбүр. Құзырлы органдарға да талай шағымданған.

“Жігіттермен бірге еңбек инспекциясына бардық. Арызымды қабылдады. Бітті. Хабар жоқ. Прокуратураға арыз жазып едік, ол бізді қайтадан инспекцияға жібереді. Ал жалақы сол күйі жоқ. Күнде ертеңмен шаршатты”, – дейді Виталий Морозов.

Қушоқы кенішін қазып келген "Қазақмыс" корпорациясы пайдасынан шығыны көбін айтып, былтыр бұл жердегі жұмысты тоқтатқан. Кенішті мемлекеттен жалға алған жаңа қожайын алдына үлкен жоспар құрыпты. Көмірді қазып қана қоймай, оны байытатын фабрика салмақ. Алайда қарапайым жұмыскерлер ондай өзгерістер түгілі, жалақы мен жұмыс жағдайының нашарлап кеткенін айтады.

Жаңа басшылық кенішті бұрын басқарған "Қазақмыс" компаниясымен арадағы алыс-беріс бітпеген дейді. Оны реттеу индустрия және инновациялық даму минстрлігінің құзыретінде. Олардың рұқсатынсыз жаңа келгендер кенішке толық иелік ете алмайды екен.

“Жер қойнауын пайдалануға рұқсат беретін құжат индустрия министрлігі тарапынан бір айда берілу керек болатын. Міне, жеті ай өтті, келісімшарт әлі жоқ. Бұл бізге өнімді өткізуге үлкен кедергі келтіріп отыр”, – дейді "MCI Group" ЖШС бас директоры Николай Бризицкий.

Компанияның жарты жыл ішінде 160 жұмыскеріне жалақы қарызы 75 миллион теңгеден асқан. Бүгін кеніш басшылығы 40 миллион теңге қаражат тауып, қаңтар мен ақпан айларының қарызын өтей бастады. Министрлік тежеп отырған мәселе реттелсе, қалған қарыздан бір айға жеткізбей құтылуға болады деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →