×

Алматыда үйдің кіреберіс есігі баланың үстіне құлап түсті

Бала жедел ауруханаға жеткізілді

Алматыда үйдің кіреберіс есігі баланың үстіне құлап түсті
Видеодан кадр

Алматыда «Алма Сити 2» тұрғын үй кешенінде подъезд есігі баланың үстіне құлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Алма Сити 2» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Қанат Қайырбаевтың айтуынша, үй тұрғындары есікті абайламай, ұқыпсыз пайдаланған.

«Осыған байланысты подъезд есігі сынған. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайға себеп болды. Есікті ұқыпсыз, қалай болса солай пайдаланған адамдардың кім екені анықталып жатыр», - дейді ПИК төрағасы.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың ауруханаға жеткізілгенін, жағдайы бірқалыпты екенін хабарлады.

«Бала жедел жәрдем көлігімен N2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оған медициналық аппаратпен тексеру жасалды, яғни баланың басына КТ жасалды. Ауруханаға жатқызатындай көрсетілім болған жоқ, ұсыныс бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Баланың ақыл-есіне зақым келмеген», - деп хабарлады ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →