×

Алматыда нейрохирургтар бас сүйектерінің туа біткен кемістігі бар балаға күрделі ота жасады

Ота 4 сағатқа созылды

Алматыда нейрохирургтар бас сүйектерінің туа біткен кемістігі бар балаға күрделі ота жасады
tkachevclinic.ru

№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургтары бас сүйегінің, атап айтқанда, маңдай бөлігінің туа біткен деформациясы бар бір жасар балаға күрделі ота жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Сәбидің анасы Олеся Ахметова атап өткендей, Ерали – отбасындағы ең кіші, 6-бала. №2 БҚКА-ға олар баланың айқын сылбырлығы, қатты мазасыздығы сияқты шағымдармен жүгінді.
№2 БҚКА жағдайында аспаптық тексеру жүргізілді, пациентке нейрохирург “Краниостеноз. Плагиоцефалия” диагнозын қойды.
 
МӘМС аясында нейрохирургтар ерекше шеберлікпен 4 сағаттық ота жасады, себебі соқырлық, физикалық дамудың кешігуі, ауырсыну синдромы және баланың мүгедектігіне әкелуі мүмкін басқа да үлкен қауіпті салдары болды.  
 
Алматы қаласының № 2 балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Рабандияров айтып өткендей, сәбиге титан пластинасын қолдана отырып, маңдай сүйегінің реконструктивті құрақ краниотомиясы жасалды.
 
Ота сәтті жасалды. Кішкентай науқастың жағдайы бүгінгі күні тұрақты, жақсару динамикасы, ота жасалғаннан кейінгі жараның тез жазылуы байқалады.
 
Отаның Санкт-Петербургтегі Алмазов клиникасының белгілі нейрохирургы Вадим Ивановтың қатысуымен мастер-класс аясында жасалғанын атап өту қажет.
Бұл шетелдік мамандарды шақыра отырып, мастер-класс барысында жасалған алғашқы ота емес.
 
Өткен жылы ғана нейрохирургия саласындағы әлемнің жетекші мамандарының қатысуымен 11 мастер-класс өткізілді.
 
2013 жылдың басынан бастап Германия, Словения, Ресейден келген көрнекті дәрігерлерді шақырумен 14 күрделі ота жасалып, әртүрлі патологиялары бар 30 балаға кеңес берілді.
 
Бұл қалалық әкімдік пен Алматы ДСБ тарапынан денсаулық сақтауды жүйелі қолдаудағы соңғы шара емес.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →