×

Диетолог шегірткеден гамбургер жасауды ұсынды – БАҚ

Қазақстандықтар бургер тұтыну бойынша Орталық Азияда көш бастайды

Диетолог шегірткеден гамбургер жасауды ұсынды – БАҚ
фото: ашық дереккөзден

Шегірткеден гамбургер жасалады. Қазақстандық эколог зиянкес жәндікті фастфудқа қосып жеуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша егіс алқабында қаптаған шегірткеден құтыламыз дейді. Еліміз бургер жеуден әлемде алтыншы орында тұрғанын ескерсек, бұл жаңалық біраз адамды аң-таң қалдырғаны анық. Енді жиі сырттан тамақтанатын тұрғындар қайтпек? Аружан Задабек тез дайындалатын тағамды өзі әзірлеп, сатуға шығарды. 

Қазақстандықтар бургер тұтыну бойынша Орталық Азияда көш бастайды. Ал әлемдік рейтингте Испания, Италия, Румыния, Польша және Португалиядан кейін алтыншы орында тұр. Бұл ел тұрғындарының фастфудқа сұранысының жоғары екенін көрсетеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Аптасына бір рет точно қолданамын. Балалар қазір фаст-фудтан басқа тамақты аса ішпейді.

- Күнде жеймін.

- Бургер, пицца күнделікті жеймін. Тез дайындалады, қолжетімді.

Тұрғындар бургерді, көбінесе, кешкі ас кезінде тұтынады. Әсіресе сағат 7-ден кейін фастфуд сататын орындарда ұзын сонар кезек басталады. Диетологтар мұнын денсаулық үшін өте қауіпті екенін айтты. Өйткені, бургердің ішінде майдың мөлшері көп. Бұл қандағы холестериннің көбеюіне әкеледі. Гастрит, колит аурулары пайда болып, соңы өлімге алып келуі мүмкін.

“Ағзамызда ішектеріміздегі микрофлоралар бұзылады. Яғни, зиянды бактериялар көбейіп кетеді. Іштің үрленуіне, тамақтың қортылмауына, өттің нашарлауына алып келеді”, – деді диетолог Марал Алмағанбетова.

Тұрғындар бургерден бөлек, көше бойында сатылатын зиянды тағамдарға да құмар. Оған өзімнің де көзім жетті. Тез дайындалатын тамақ әзірлеп базарға барып едім, бірден өтіп кетті. Ешкім сапасын сұрап бас ауыртпады.

Адамның астың сапасына, тазалығына көп көңіл бөлуі керектігі жиі айтылады. Десе де, көпшілік оны ескермейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 проценті – сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдайды. Мұндай тамақтарда денсаулыққа тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, біртіндеп істен шығарады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →