×

«SCAT» әуе компаниясына әкімшілік іс қозғалды

Әуе компаниясы бірқатар заң бұзушылыққа жол берген

«SCAT» әуе компаниясына әкімшілік іс қозғалды
class-tour.com

«SCAT» әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы жылдың 27 мамырында Қостанай-Анталья бағытындағы VSV-5280 рейсінен жолаушыларды түсіргені үшін «SCAT» әуе компаниясына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 571-бабымен әкімшілік іс қозғады. Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету барысында әдеп нормаларын сақтау Қазақстан әуе компанияларының басымдығы болуы тиістігін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзуға жол беруге болмайды әрі орынсыз», - деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінен.

«SCAT» әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларға келтірілген шығын өтелген және олар таяу уақытта туристік жолдамаға сәйкес Антальяға ұшуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар әуе компаниясының әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы іс-шара қолданылатын болады.

«Дегенмен «SCAT» әуе компаниясы құқық бұзушылыққа жол бергені үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →