×

Қазақстандықтардың үштен бірі Ресейдің агрессив соғыс пропагандасының жетегіне еріп барады

DEMOSCOPE мониторинг жүргізу бюросы Қазақстандықтар арасында зерттеу жүргізді

Қазақстандықтардың үштен бірі Ресейдің агрессив соғыс пропагандасының жетегіне еріп барады
bugin.kz

Қазақстандықтардың үштен бірі Ресейдің агрессив соғыс пропагандасының жетегіне еріп барады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі DEMOSCOPE мониторинг жүргізу бюросының мәліметіне сүйеніп.

2022 жылы 4-24 қараша аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында “Қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа көзқарасы” тақырыбында екінші сауалнаманы жүргізді. Сауалнама Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің қатысуымен сұхбат форматында өткен.Сауалнама нәтижесі бойынша 60 жастан асқан қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейді, ал жастар Украинаны қолдайтыны анықталған. 

“Нөмірлер кездейсоқ сандар генераторы көмегімен іріктеліп, 18 жастан асқан 1110 адам қатысты. Олардың 75%-і орыс тілінде, 25% қазақ тілінде жауап берді. Респонденттің 61%-і қазақ, 24%-і орыс және 15%-і өзге ұлт өкілдері. Сараптама респонденттердің жынысы, жасы, қай этносқа жататыны ескеріле отырып жасалды. Іріктеу ықтималдығы 95%, статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 3%-тен аспайды. Response rate, респонденттердің қолжетімділік деңгейі – 16%. DEMOSCOPE бюросы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыста Украинаны қолдайтын респонденттердің үлесі 22%. Бұл көрсеткіш осы жылы наурызда дәл осы тақырыпта жүргізілген сауалнамамен салыстырғанда екі есе жоғары. Ал, Ресейді қолдайтындар – 13%, бұл наурыз айындағы көрсеткіштен едәуір төмен. Қазақстандықтардың көпшілігі (59%) бейтарап қалғанды жөн санады”, – дейді бюро мәлімдемесінде.

Қазақстандықтардың пікіріне бірқатар факторлар және оқиғалар әсер еткен болуы мүмкін.

“Оқиға демекші, олар Қазақстанның ішінде болып жатқан және тікелей соғыс контекстінде болуы мүмкін. Алайда, “Қазақстан қоғамында Украинаны қолдайтын тренд қалыптасты” деп нық сеніммен айту үшін бірнеше айдан кейін зерттеуді қайталап өткізу керек. Жастар Украинаны қолдайтындарын ашық білдіріп жүр. 18-29 жас аралығын қарасақ, Украинаны қолдайтындар (23%) Ресейді жақтастарынан (6%) төрт есе көп. 60 жастан асқандардан басқасында Укринаны жақтайтындардың үлесі басым. 60 жастан асқан респонденттердің үштен бірі (34%) – Ресей жағында. Ал 14%-і Украинаны қолдайды”, – делінген бюро хабарламасында.

Сауалнама барысында қазақстандықтардың Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты қалай түсінетіні, яғни қалай қабылдайтынына мән берілген.

“Сауалнама көрсеткендей, салыстырмалы түрде алғанда азаматтардың көпшілігі (45%) екі ел арасында болып жатқан қақтығысқа қандай да бір баға бере алмайтынын айтты. Десе де, DEMOSCOPE сауалнамасының нәтижелеріне сүйенсек, қазақстандықтардың 33%-і Кремльдің сөзін сөйлейтін секілді. Яғни, Сауалнамаға қатысқандардың 15%-і Ресей Украинадағы нацистерге қарсы арнайы әскери операция жүргізіп жатыр деген ойда; 18%-і Ресей Украина территориясында Батыс және НАТО елдерімен соғысып жатыр деп санайды. Сондай-ақ, 22% респондент “Ресей оккупация жасап, басып алу үшін Украинаға қарсы соғыс жүргізіп жатыр” деген ойда. Осылайша, Қазақстан азаматтарының кем дегенде үштен бір бөлігіне агрессив соғыс пропагандасы ықпал еткен, соның жетегіне еріп барады десек болады”, – делінген бюро мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық және халықаралық заңнамада соғысқа және оның пропагандасына тыйым салынған. Сонымен қатар, сауалнама деректеріне сүйенсек, біздің қоғамда Украинадағы оқиғаларға деген қызығушылық өте жоғары.

“Сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы (44%) Украинадағы жағдайды ара-тұра бақыласа, 18% күнделікті қарайды, ал 38% мүлде қарамайды. Отандастарымыз Украинада не болып жатқанын көбіне YouTube-арналардан біліп жүр. Бұл жауапты 37% респондент таңдады. Сауалнамаға қатысқандардың бестен бір бөлігі қазақстандық телеарналарда берілетін жаңалықтардан көреді. 18% респондент Украинадағы соғыс туралы ақпаратты ресейлік телеарналардан алады; 15% - таныстарынан, туыстарынан және достарынан естиді. 13%-і Telegram-ы, ал 8% - Facebook-ті қарайды”, – делінген бюро зерттеуінде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →